«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ӨТКІЗІЛГЕН ЭССЕ БАЙҚАУЫ
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдесінде №194 «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының
2-қосымшасындағы жоспарына сәйкес, оқу жылын қорытындылап, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, өз іс-әрекетін рефлексиялау, сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін білім алушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 1-4-сыныптан – 145 оқушы, 5-9-сыныптан – 165 оқушы, 10-11-сыныптан – 47-оқушы қатысты. Үздік деп танылған жұмыстар аудандық білім бөліміне жіберілді.
Мақсаты - білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін ел дамуына, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына қосқан үлесі ретінде бағалап, болашаққа саналы мақсаттар мен жоспар құруына ықпал ету.
#Адал_азамат #Адал_азамат_эссе #Білімім_Отаныма

