«Біртұтас тәрбие","Даналық мектеп" бағдарламасы аясында өткізілген «Баланы қырқынан шығару» іс шарасы
Бүгін, 12 ақпан күні, мектебімізде «Біртұтас тәрбие","Даналық мектеп" бағдарламасын іске асыру мақсатында жоспарға сәйкес 6"А" сынып жетекшісі Абдуллаева Гулинур Иминжановна мен «Әже даналығы» айдарында Кулинов Ихсанның әжесі Кулинова Сажидам Садыкжановнаның ұйымдастыруымен «Баланы қырқынан шығару» салт-дәстүрі бойынша шебер сағат болып өтті.
Қазақта сәби дүниеге келген күннен бастап түрлі салт-дәстүрлер орындалады. Мысалы: шілдехана, қырқынан шығару, бесік той, тұсау кесер, сүндет той.
Қырқынан шығару дәстүрі бойынша, баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдыска қырық қасық су құйып шомылдырады. Сәбиді қырқынан жасы үлкен, құрметті әрі сыйлы әйел адам шығарады. Кейбіреулер қырық күн сәби үшін де, анасы үшін қатерлі әрі қауіпті кезең екенін айтып жатады. Сол себепті қырық күнге дейін бала ана құрсағындағы шашымен, тырнағымен жүреді. Қырық күнге дейін сәбиді көпшілікке көрсетуге болмайды деп жатады.
Мамандардың айтуынша, бұл дәстүр арқылы халқымыз сәбиді адам қатарына қосылды деп санаған.
Іс-шара мақсаты – оқушыларды қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін тереңірек білуге үйрету, үзілісті құнды, қызықты өткізу.


