31
январь
2025
“Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі” атты аудандық байқауы
Алматы қаласы мәслихаты мен қалалық Білім басқармасының қолдауымен «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық байқау өткізілді. Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында өткен байқау мектеп оқушыларының демократиялық процестерге қатысуын ынталандыруға, сондай-ақ өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.
«Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» атты аудандық байқауда белсенділік танытқандары үшін мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы Алғыс хатпен марапатталды.


