Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №77"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 264-76-63
Бухгалтерия
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
13
март
2025

«Тұсаукесер» салт-дәстүрі

Бүгін, 13 наурыз күні,  мектебімізде  «Біртұтас тәрбие","Даналық мектеп" бағдарламасын іске асыру мақсатында жоспарға сәйкес бастауыш сынып мұғалімі Амруллаева Ляззат Хакимовна мен «Әже даналығы» айдарында  Найля Байтанаеваның ұйымдастыруымен «Тұсаукесер»  салт-дәстүрі шеберлік сағат болып өтті.

Іс-шара мақсаты – оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін тереңірек білуге үйрету, жасалу тәсілдерін көрсету, үзілісті құнды, қызықты өткізу.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.