Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №77"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 264-76-63
Бухгалтерия
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
26
февраль
2025

Ши тоқу / Плетение циновки

Бүгін, 26 ақпан, мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде тарих пәнінің мұғалімі Мадина Исаевна «Ши тоқудан»  1-11-сынып оқушыларымен  шеберлік сағат өткізді.

Іс шара мақсаты – бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрді келер ұрпаққа насихаттау, үзілісті көңілді, пайдалы өткізу.

Ши тоқу - бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне кеңінен пайдаланылады.