Алғыс айту» күніне орай өткізілген іс-шара «Алғыс айту - парызым»
1 наурыз - елімізде жалпыхалықтық мереке, Алғыс айту күні.
Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді.
Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Міне, осы күннен бастап жыл сайын мереке ретінде өткізіліп келеді.
Бүгінгі «Алғыс айту» күніне орай мектебімізде «Алғыс айту - парызым» атты іс-шара өткізді. Бұл күні оқушылардың бәрі бір-біріне, ұстаздарына, ата-анасына алғыс айтып,ізгі тілектерін арнады. Мектебіміздегі зейнеттегі ұстаздарға сыйлықтар таратылды. Қашанда адамдарға жақсылық жасап, алғыс айтып, жылы сөзімізді аямай, қуантып жүру – парызымыз деп білеміз.







