4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздер күніне орай, «Қарлығаш» жазғы лагерь оқушылары "Рәміздер - біздің рухымыз, ар-ожданымыз" тәрбие сағатын өтсе, педагогтер Әнұран шырқады.