«Бала қауіпсіздігі - басты назарда» жалпықалалық ата-аналар жиналысы
Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласының прокуратурасы, Полиция департаменті және Психикалық денсаулық сақтау орталықтарымен бірлесіп «Бала қауіпсіздігі - басты назарда» тақырыбында жалпықалалық ата-аналар жиналысы болып өтті.
Жиналыста ата-аналарға балалардың кеңістіктегі, жол жүру кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдары мен таратпалар ұсынды. Сонымен қатар, жасөспірімдер психологиясы, балаға тәрбие беруде төзімділікпен, сабырмен, сеніммен, сүйіспеншілікпен және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айтылды.
Ата-аналар жиналыс соңында спикерлерге өздерін мазалап жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауап алып, бірлесе тығыз жұмыс жасауға керектігін алға тартты.


