Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №77"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 264-76-63
Бухгалтерия
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
20
март
2025

Ұлттық спорт күні

Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес мектебімізде Ұлттық спорт күніне орай ұлттық ойындардан конкурс ұйымдастырылды. 

Ұлттық ойын – белгілі бір халықтың мәдениеті мен дәстүрін көрсететін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ойын түрі. Қазақтың ұлттық ойындары балалар мен ересектердің денсаулығын нығайтып, ой-өрісін дамытумен қатар, ұлттық рух пен патриоттық сезімді оятуға көмектеседі, жастарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.

Қазақтың ұлттық ойындары бірнеше түрге бөлінеді:

          •         Күш пен ептілікті талап ететін ойындар: күрес, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату.

          •         Ойлау қабілетін дамытатын ойындар: тоғызқұмалақ, ақ сүйек.

          •         Балалар ойындары: асық ойыны, қыз қуу, сақина салу.