Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №77"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 264-76-63
Бухгалтерия
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу»
03
март
2025

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу»

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

 Осыған орай, бүгін, Медеу ауданының прокуратурасының бөлім прокурорлары Қ. Маделханұлы, А.Ахтамберді мектеп оқушыларымен   “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында дәріс жүргізді.

Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.