Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №77"
Управления образования города Алматы
Приемная:
+7(727) 264-76-63
Бухгалтерия
+7(727) 262-19-98
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын!
03
июнь
2025
4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні құтты болсын!
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Рәміздер күніне орай,  «Қарлығаш» жазғы лагерь оқушылары "Рәміздер - біздің рухымыз, ар-ожданымыз" тәрбие сағатын өтсе, педагогтер Әнұран шырқады. 
«Алтын адам» басты экспонат болып табылатын Есік мұражайына саяхат
03
июнь
2025
«Алтын адам» басты экспонат болып табылатын Есік мұражайына саяхат
Бүгін, 3 маусым, жазғы  «Қарлығаш» лагерінің жоспарына сәйкес оқушылар  «Алтын адам» басты экспонат болып табылатын Есік мұражайына саяхаттады.   Экскурсия мақсаты  - қазақтың дәстүрлі мәдениетінің жауһарлары саналатын сәндік қолданбалы өнер туындыларын көрсете отырып, Ұлы дала елі мәдениетінің әрбір жәдігерінде терең мағыналы ой жатқандығы және сол өнердің сабақтастықта бүгінге дейін жеткендігі көрсету. «Алтын адам» тек Қазақстан елі үшін емес, әлемдік елдер мәдениеті үшін мағыналы дүние.